Алматы полициясы мен еріктілер есірткі жарнамасын жойды

Алматы полициясы мен еріктілер есірткі жарнамасын жойды Сурет: Polisia.kz

Алматы халқы тығыз орналасқан аудандарының бірінде жастар есірткі-граффитиін бояу науқанына қатысты.


Граффити-суреттерді бояу, синтетикалық есірткінің таралуы туралы мәліметтері бар жазуларды анықтау және жою науқаны Әуезов ауданы әкімдігінің және “Наркостоп” еріктілер лигасының көмегімен өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Еріктілер мен колледж студенттері тұрғын үйлердің, гараждардың, кеңсе ғимараттарының қабырғаларында есірткінің таралуына ықпал ететін трафареттер мен сайттарды жарнамалайтын граффитиді бояуға қатысты. Бүгінге дейін Алматы қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің күштерімен 6 мыңнан астам есірткі граффитиі боялды. Есірткіге үгіт-насихат суреттерінің 300 мыңнан астамын еріктілер бояды. Жастарды есірткінің зиянын біліп, осы аксиоманы қалың бұқараға, өз қатарластары арасында жеткізу үшін осындай іс-шараларды өткізуге барынша тартуымыз бекер емес. Жалпы, мұндай іс-шараларды өткізуде профилактикалық құрамның маңызы зор», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07