Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті

Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті
Сурет: Polisia.kz

9 қарашадан бастап Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті.

Іс-шараны өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында қала аумағында полиция жасағының, оның ішінде жаяу патрульдердің тығыздығы арттырылды.

Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда. Сонымен қатар полиция көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізуде.

Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкету және тағы басқа айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және ескертуге бағытталған ауқымды шара.