Алматы полициясы адам ұрлағандарды ұстады

Алматы полициясы адам ұрлағандарды ұстады
Сурет: Kodeks-zakon.ru

Күдіктілер қамауға алынды.

40 жастағы алматылықты қылмыскерлер Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұрланған азаматтың әйелі полицияға арызбен жүгінген. Дереу арнайы жедел тергеу тобы құрылып, алғашқы іс-шаралар кешені жүргізілді, бұл ұрлаушылардың жеке басын және олардың жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғанын жылдам анықтауға мүмкіндік берді. Ер адамды босату бойынша арнайы іс-шара қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Оны қатты соққыға жыққандықтан, медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе, героины бар иньекциямен егеміз деп қорқытқан», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Қылмыстың нақты себебі ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды.