Алматы полициясы 77 заңсыз келімсекті Қазақстаннан шығарды

Алматы полициясы 77 заңсыз келімсекті Қазақстаннан шығарды
Сурет:Polisia.kz

“Келімсек” ЖАІ-ның сегіз күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 590 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды,

Алматы полициясы 77 заңсыз келімсекті Қазақстаннан шығарды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Шаһардың көші-қон қызметі хабарлағандай, құқықбұзушылар сот шешімімен елден кетті.

– “Келімсек” ЖАІ-ның сегіз күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 590 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 1 105-і шетелдіктер. 77 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, оның жетеуі азаматтық іс жүргізу тәртібімен. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 434 қабылдаушы тұлға жауапкершілікке тартылды, 51 жұмыс берушіге Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырудың үш фактісі анықталды және тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.