Алматы полицейлері қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын күшейтті

Алматы полицейлері қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын күшейтті
Сурет: Polisia.kz

Өткен тәулікте Алматыда мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған.

Алматыдағы полицейлер жолдарда және қоғамдық орындарда азаматтар арасында бетперде режимін және басқа да санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ішкі істер министрлігінің ресми дерегі бойынша, рейдтер барысында жүргізушілермен жолаушыларға  қоғамдық көлікте жүру кезінде карантиндік режимді сақтау маңыздылығы туралы айтқан. 

«Әр ауданда алдын алу жұмыстарын күшейту үшін сегіз арнайы топ құрылды, олардың құрамына полиция қызметкерлері ғана емес, саябақтарда, алаңдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде режимін сақтау бойынша рейдтер жүргізген аудан әкімдіктерінің өкілдері де кірді. Біз бетпердесі жоқ адамдарға бетперде тараттық», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.