Алматы полицейлері қан тапсырып, игі іс жасады

Алматы полицейлері қан тапсырып, игі іс жасады
Сурет: Russian.rt.com

Қаланың тәртіп сақшылары 10 литр қан тапсырды

ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен басталған қайырымдылық эстафетасы аясында Алматы полицейлері қан қорын толықтырды. Игі іс жасау үшін 50 тәртіп сақшысы қалалық Қан орталығына барып, қан тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінде қан тапсырған әрбір полицей осы сәтте халықтың қолдауына мұқтаж жанның өміріне тікелей қатысты. Біз үшін донорлық – ең алдымен азаматтық борыш, сосын жанашырлық және қайырымдылық. Біз донорлық қозғалыстың дамуына зор үлес қоса алдық деп сенеміз. Полиция қызметкерлерінің арасында қан тобы сирек кездесетін жандар да бар, олардың қаны тапшы болып табылады. Бізге азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы ант тапсырылды, сондықтан бүгінгі іс-әрекетті алға қойылған міндеттерді орындаудың бір әдісі деп санауға болады. Біз тапсырған қан біреудің өмірін сақтайды деп сенеміз. Сіздің мұқтаж жанға көмектескеніңізді сезінуіңіздің өзі жеке құраммен жұмыс істеу барысында тәрбиеленушілерге жақсы әсер етеді», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Полиция бөлімшесінің басшылығы да осындай өмірлік мысалдарға сүйене отырып, бүгінгі таңда полицейлердің жас ұрпағы ынтымақ пен адамгершіліктің бағасын түсінетінін атап өтті. Ал қатарда жаны сау жігіттердің барын ескерген тәртіп сақшылары қажет болса, донорлық қозғалысты тұрақты түрде тәжірибелеуге дайын.