Алматы полицейлері суицид жасамақшы жігітті райынан қайтарды

Алматы полицейлері суицид жасамақшы жігітті райынан қайтарды
Сурет: Vlast.kz

Жігіттің қолында белгісіз сұйықтығы бар екі шприц болған және ол оны полицейге салып, өзі секіріп кетемін деп қорқытқан.

Алматылық полицейлер өзіне-өзі қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Медеу аудандық полициясы жедел басқару орталығының кезекші бөліміне биік ғимараттың 16-қабатында, балконның қоршауында бір жігіттің отырғандығы туралы қоңырау келіп түседі.

Оқиға орнына келген учаскелік инспекторлар Айдарбек Марат пен Думан Оразалиев балконға апаратын есіктің жабық екенін көреді. Соған қарамастан, олар балконға кіріп, жігітпен сөйлесіп, оны мұндай қадамға бармауға көндірді. Айдарбек жігітті әңгімеге тартып, көңілін аулай бастады. Сол сәтте Думан жігітке жақындауға тырысты. Полиция қызметкерлері әңгіме барысында ер адамды ұстап, қауіпсіз жерге апарады. Дәрігерлер жігітке алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін оны тәртіп сақшылары полиция басқармасына жеткізді.