Алматы полицейлері онлайн несие рәсімдеген алаяқтарды ұстады

Алматы полицейлері онлайн несие рәсімдеген алаяқтарды ұстады
Cурет: 24.kz

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Медеу аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы тұтынушылық мақсатта банктен онлайн несие рәсімдеген 36 және 24 жастағы бұрын сотталмаған азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алғашқы тергеу әрекеттері барысында анықталғандай, күдіктілер өтініште көрсетілген адамдарға айтпастан және келісімінсіз адамдардың өтінішінде көрсетілген жеке деректерді, сондай-ақ олардың суреттерін немесе бейнефрагментін қолдана отырып, банктің сайтында онлайн несие алуға өтінімдерді толтырды.  Несиелік өтінімдер мақұлданғаннан кейін және клиенттердің шоттарына қаражат түскеннен кейін, қаражатты интернет-банкинг арқылы басқа банктердің шоттарына шығарған.  Осылайша, банктердің біріне жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілді», - деді Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

 Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі мәлім еткендей, полицейлер жүргізген арнайы шаралардың арқасында олар алаяқтарды анықтап, ұстауға қол жеткізді.  Қазіргі уақытта, тергеу аяқталғанша, «алаяқтардың» екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағы - «Ақпараттық жүйені пайдаланушы алдау немесе сеніміне қиянат жасау арқылы жасалған алаяқтық» бойынша тергелуде.  Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.