Алматы полицейлері ломбардтағы алаяқтық туралы мәселе қарады

Алматы полицейлері ломбардтағы алаяқтық туралы мәселе қарады
Сурет: Polisia.kz

Қалалық ПД-де Қазақстан ломбардтар қауымдастығы өкілдері мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Алматы полицейлері ломбард басшыларымен танымал алаяқтық тізбектерді талқылады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтының мәліметіне сүйене отырып.

Қалалық ПД-де өткен дөңгелек үстел барысында ломбардтармен байланысты алаяқтық әрекеттер қаралды.

«Жұмыс кездесуінде ломбардта кепілде тұрған көліктердің ҚР-нан тыс жерлерге кетуін шектеу, қылмыстық іс шеңберінде сот орындаушыларына мүлікті тәркілеуде көмек көрсету, жалған қарыз алушыларды жауапкершілікке тарту мәселелері және т.б. Ломбардтардың құқықтарын бұзушылыққа жол бермеу үшін, осыған ұқсас қылмыстық істерді қарау және тергеу кезінде өзекті ұсыныстар мұқият талданады және ескеріледі. Сонымен қатар диалог нәтижесінде ломбардтар полицияға көп сұралмайтын мүліктер туралы ақпарат береді, айтпақшы, олардың қылмыстыққа қатысы болуы мүмкін деген келісім жасалды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.