Алматы полицейлері есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

Алматы полицейлері есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады
Сурет: Polisia.kz

Ұсталған адам Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қала полицейлері синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен 42 жасар азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы дерек бойынша, оңтүстік астананың 42 жастағы тумасы психотропты препараттарды тарату бойынша есірткі курьері болып бірнеше ай жұмыс істеген. Ағымдағы жылдың мамыр айында Жетісу ауданының аумағында ЕҚКБ қызметкерлері Д.есімді ер адамға қатысты «жедел сатып алуды» жүзеге асырды. Қазір жедел қызметкерлер есірткі саудагерлерінің «тізбегін» анықтаумен айналысуда.

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес есірткі саудасымен заңсыз айналысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарында..