Алматы полицейлері заңсыз айналымнан 95 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі

Алматы полицейлері заңсыз айналымнан 95 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі
Сурет: Turkystan.kz

Алматы полициясы жыл басынан бері синтетикалық есірткі жасайтын ірі есірткі зертханасын жойды.

Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың алты айында шаһарда 305 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 76 дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заңсыз айналымнан 212 келіден астам есірткі құралдары тәркіленді. Атап айтқанда, 94 келі 750 грамм синтетикалық есірткі, 69 келі 205 грамм гашиш, 48 келі 719 грамм марихуана және т.б.

 Еріктілер мен белсенді азаматтардың арқасында есірткінің таралуы туралы ақпараты бар 4 748 граффити боялды.