Алматы полицейлері ұрлықтың жолын кесті

Алматы полицейлері ұрлықтың жолын кесті
Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері ұрлықтың жолын кесті. 

Қылмыскерлерді қолға түсіруде “Буран-147” патрульдік экипажының қызметкерлері жоғары кәсібилік, жеделдік пен іс-қимылдың жүйелілігін көрсетті, деп хабарлайды Almaty.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ЖШС-ның бас директоры Алматы қаласы ПД-ның басшылығына алғыс хатпен жүгінді. Ол Алматы полициясының қаскөйлерді іздестіру, ұстау және тұрғын үй кешенінен құрылыс материалдарын ұрлау деректерін ашуда өз міндеттерін адал атқарғанын атап өтті.

«Бостандық ауданында полиция қызметкерлері Жалғас Бектұров, Мақсат Тілеуов және Жалғас Қалиев “Буран-147” автоэкипажымен қызметке шықты. Аймақты патрульдеу кезінде Кәрімов көшесінің бойында олар Honda Odyssey автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан. Жүргізуші мен жолаушы қатты қобалжыды. Көліктің ішін тексерген инспекторлар он құрылыс қысқышын тапты. Олар бұл материалдардың кімге тиесілі екенін анықтай бастады, бірақ күдіктілер жауап бере алмады. Одан әрі іс жүргізу барысында бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі анықталды. Аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.  

«Біздің қауіпсіздігімізге, тыныштығымызға қызмет еткендеріңізге және өз міндеттеріңізге адалдықпен қарағандарыңыз үшін рақмет. Күдіктілерді ұстауда полиция қызметкерлері жоғары кәсібилік танытты», – деді хат авторы.