Алматы полицейлері төлем аппаратын ұрлаған күдіктіні анықтады

Алматы полицейлері төлем аппаратын ұрлаған күдіктіні анықтады
Сурет: Ашық дереккөз

Іле ауданы ПБ Кезекші бөліміне Жетіген ауылының 33 жастағы тұрғыны дүкен сөресінен төлем аппаратын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау жайында жазбаша арызданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша келтірілген залал сомасы шамамен 500 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.