Алматы полицейлері қызметтік қарудан оқ атудан жарысты

Алматы полицейлері қызметтік қарудан оқ атудан жарысты
Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері арасында әскери қарудан оқ атудан жарыс ұйымдастырылды.

14 командадан 41 қызметкер қатысты. Жарыс бағдарламасына ПМ-9 мм тапаншасынан жаттығудың төрт түрі енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың бекітілген ережесіне сәйкес, команда үш қызметкерден тұрады – бір әйел, екі ер адам. Жеке есепте әділ қазылар алқасының хаттамасына сәйкес, әйелдер арасында: I орынды ЖҚАЖ инспекторы Эльмира Имашева (ПМ-2 жаттығуы), II орынды Алмалы аудандық ПБ-ның аға инспекторы Меруерт Бекасыл (ПМ-2 жаттығуы), III орынды Бостандық аудандық ПБ КПБ жедел уәкілі Жұлдыз Тойкова (ПМ-2 жаттығуы) мен ПП полкінің инспекторы Әсел Әшімова (ПМ-5 жаттығуы) иеленді.

Ерлер арасында: I орынды Олжас Сүлейменов (ПМ-3 жаттығуы), II орынды Елдос Нәсіпбаев (ПМ-3 жаттығуы), III орынды ЖҚАЖ аға инспекторы Елмұрат Тұрлықожа (ПМ-2 жаттығуы) мен Данияр Тұрлықожа (ПМ-4 жаттығуы) еншіледі. Командалық есепте орындар келесідей бөлінді: I орын – Бостандық аудандық ПБ-ның құрама командасы, II орын – Алатау аудандық ПБ-ның құрама командасы, III орын – Наурызбай аудандық ПБ-ның құрама командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.