Алматы полицейлері кей нысандарға «бомба» қойылды деген ақпаратқа байланысты тексеру жүргізіп жатыр

Алматы полицейлері кей нысандарға «бомба» қойылды деген ақпаратқа байланысты тексеру жүргізіп жатыр
Сурет: Total.kz

7 нысанда жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Алматыда орналасқан кейбір нысандарда жарылғыш құрылғылары орнатылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты полиция мамандары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

 «Таңертең 7 нысанда жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті, оның үшеуі расталмады. Тексеру жұмыстарын саперлер  тиісті техниканы пайдалана отырып, жүргізіп жатыр. Қала тұрғындарын іске асырылып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз», - делінген  Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.