Алматы полицейлері бөтен көліктердің құлпын ашатын құрылғыны тәркіледі

Алматы полицейлері бөтен көліктердің құлпын ашатын құрылғыны тәркіледі Сурет: Polisia.kz

Бөтеннің көлігін ұрлағандар құрықталды. 


Оның көмегімен үш ер адам Алматының Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында тұрған бөтен біреудің Toyota Camry көлігін ұрлап үлгерген.



«Көлігінің жоғалғанын байқаған шетелдік көлік иесі бұл туралы “102” арнасына хабарлаған. Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Кешенді жедел іс-шаралар нәтижесінде үш ер адам ұсталды. Оларды қаладағы қонақ үйлердің бірінде құрықтады. Ұрланған көлік Астана қаласынан табылды және тәркіленді. Күдіктілер оны сатып үлгерген», – дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.



Сонымен қатар ұсталғандардан Toyota есігінің құлпын ашу үшін пайдаланылған құрылғы тәркіленді. ҚР Конституциясының және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09