Алматы полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды жазалады

Алматы полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды жазалады Сурет: видеодан алған сурет

30 әкімшілік хаттама толтырылды.


Қаладағы полиция сақшылары түнгі көліктегі бұзақыларды жазалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, көлік жүргізушілердің заңсыз әрекеттері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталған.


Автокөлік жүргізушілерінің бір тобы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, қаланы аралап жүрген. 



«Бұл көліктердің жүргізушілері анықталды. Олардың жасы 22-де. Тәжірибе көрсеткендей, заңға бағыну мен көлік жүргізу тәртібінің деңгейі өте төмен. Оларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қолданылды. Барлығы бес жүргізушіге 30 әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, маневр жасау ережелерін бұзғаны, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамағаны, бағдаршамның қызыл түсінде жүргені, апаттық жағдай туғызғаны, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісіз көлік құралын басқарғаны, артқы жағымен қозғалғаны, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны, көлік құралына арнайы дабыл беретін құрылғыларды орнатқаны, тағы басқа құқық бұзушылықтары үшін», – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07