Алматы полицейлері жалған ПТР сынақтарын жасаған әуежай қызметкерлерін ұстады

Алматы полицейлері жалған ПТР сынақтарын жасаған әуежай қызметкерлерін ұстады
Сурет: 24.kz.

Олар шамамен 15-20 анықтама сатқан. 

Алматы әуежайының екі қызметкері теріс ПТР сынақтарын жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы дерек бойынша, Алматы қаласының халықаралық әуежайының аумағында жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Экстремизмге қарсы күрес басқармасы, Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД бірге, 1992 жылы туған Ж.есімді азаматты және 1993 жылғы И.есімді азаматты ұстады. 

Мамандардың айтуынша, қамауға алынғандар шетелге шыққандар үшін теріс ПТР-сынақтарын жасаған, барлығы шамамен 15-20 анықтама сатқан. Олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы өздері жасаған. Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін түзеткен, кейіннен заңсыз әрекетке барған әуе компаниялардың өкілдері жолаушыларды ұшаққа отырғызуға жібереді. Алынған қаражат өздері мен әуе компанияларының өкілдері арасында бөлінген. 

«Қазіргі уақытта жедел тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, қамауға алынғандардың осыған ұқсас теріс ПТР сынақтарын жасаған фактілерге қатыстылығы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. «Сатушылар», ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ведомствода.