Алматы полицелері ақша бопсалады деген күдікпен ер азаматты ұстады

Алматы полицелері ақша бопсалады деген күдікпен ер азаматты ұстады
Сурет: Polisia.kz.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полицейлері полиция сақшыларынан ақша бопсалады деген күдікпен ер азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының дерегі бойынша, 34 жастағы Б.есімді ер адам өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырып, арандатушылықтар жасамауға және желіде бейнелер орналастырмауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан.

«Сома 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Мұны жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар растайды. Күдіктіні қамауға алу қаланың Әуезов ауданында сұратқан $300 алып жатқан кезде жүзеге асырылды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша тергеу амалдарын ПД тергеу басқармасы жүргізуде», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов.