Алматы педагогтарын Мұғалімдер күнімен құттықтады

Алматы педагогтарын Мұғалімдер күнімен құттықтады

Республика сарайында Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Кәсіби мерекені әріптестер арасында атап өтуге 2,5 мыңнан астам педагог, еңбек ардагерлері, оқытушылар әулеттерінің өкілдері және басқа да қонақтар келді.

Қала әкімі Ерболат Досаев іс-шара қонақтарын мерекемен құттықтап, олардың ізгі еңбектері және қазақстандықтардың жас ұрпағын тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

“Тек  қана  Сіздер  әр баланың  бойына  білімнің,  қоршаған әлемнің, табиғи   заңдылықтардың, ғылыми  жаңалықтардың негізін  қалап, балаларға  баға жетпес  қуаныш  пен жақсылық   ұсынасыздар. Мұғалім  атану – үлкен  құрмет әрі  жауапкершілігі өте  жоғары мамандық. Ұстаз үшін  өзі  білім берген  шәкіртінің сүйіспеншілігі мен  құрметінен  асқан баға жоқ. Мұнда  Сіздердің  еліміздің  болашағы болып табылатын патриот, ізденімпаз, мейірімді  жастардың   қалыптасуына қосқан  үлестерініз өте  маңызды”, - деді Ерболат Досаев өзінің құттықтау сөзінде.

Бұл күні мерекелік іс-шарада "Алматы ұстазы" байқауының қорытындысы мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жас мұғалімдерге арналған байқау 2022 жылдың 1 тамызында басталып, 3 кезеңде өтті. "Алматы ұстазы" аясында 3500-ден астам педагог заманауи білім беру үдерісіне озық тәсілдер мен цифрлық технологияларды енгізу бойынша өз дағдыларын көрсетті.

Мегаполис басшысы финалға шыққан 5 жас педагогқа Финляндияда білім беру тағылымдамасына сертификаттар табыс етті. Марапаттарға: №13 гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанна Какенова, №104 мектеп тарих пәнінің мұғалімі Нұржан Ибрагимов, №69 мектеп тарихшысы Болат Мұңбаев, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алина Динабекова ие болды. Финляндияда тағылымдамадан өтуге 5 млн теңге көлеміндегі бас жүлдені № 135 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әнуар Исаев жеңіп алды.

Қала әкімінен 27 гимназияның биология пәнінің мұғалімі Әліпбек Дамира және 178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Лунара Амалбекова Финляндияда тағылымдамадан өтуге қосымша сертификаттар алды.

Бұдан басқа, "Алматы мектебі" бағдарламасы бойынша Эстония мен Финляндияның үздік оқу орындарында биыл 50 мектептің басшылары халықаралық академиялық тағылымдамадан өтеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, оқу жылының басында қалада 6600 орынды 4 жаңа мемлекеттік мектеп салынды, жыл соңына дейін 7200 орынды тағы 5 мектеп ашу жоспарлануда. Қолданыстағы инфрақұрылымды кеңейту аясында 3 мектепте 875 орындықосымшалар пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 3 орта оқу орнында құрылыс жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, қалада 4 жекеменшік мектеп ашылды, онда білім беру процесі жаңа озық стандарттар бойынша жүргізілетін болады.