Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам көз жұмды

Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам көз жұмды
Сурет: Egemen.kz

Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні кешке Көксу ауданында Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Passat маркалы көліктер соқтығысқан.

Автокөліктер Алматы - Өскемен тасжолының 187-ші шақырымында төмен түсу кезінде соқтығысқан.

Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.