Алматы орталығында жезөкшелікпен айналысуға арналған екі үй анықталды

Алматы орталығында жезөкшелікпен айналысуға арналған екі үй анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы кафе, бар мен түнгі клубтарды тексерді.

Жергілікті іс-шара негізінен ойын-сауық мекемелерінде жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Сондай-ақ тексеру бірден бірнеше бағытта: кальянды пайдалану, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелері мен компьютерлік клубтарда болуы, сағат 23.00-ден кейін алкоголь өнімдерін сату бойынша жүргізілді. Бұл шара, ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің жолын кесуге және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Егер нақты ақпаратқа жүгінер болсақ, Алмалы ауданындағы 10 мекемеде кальян қолданудың 38 дерегі анықталса, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуының 27 дерегі тіркелді. Ал Медеу ауданында кальян қолданудың 43 дерегі тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Сонымен қатар шаһардың орталығында жезөкшелікпен айналысуға арналған екі үй анықталды. Ол жерде 7 жеңіл жүрісті әйел жұмыс істеген.