Алматы орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды

Алматы орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды
Cурет: Polisia.kz

Травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді

Алматының орталығынан қару-жарақ арсеналы табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қойма осы жылдың қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктердің ошағынан табылды.

«Жедел іс-шараларды жүргізу барысында «Самал» ықшамауданында Мемлекеттік мұражайдың жанынан қызметтік-іздеуші ит арсенал қоймасын тапты. Жасырылған жерден травматикалық қарулар мен гранаталар тәркіленді. Жақын жердегі қоқыс жәшігінен патрондар табылды: 12 калибрлі – 19 дана, 7,62 калибрлі – 7 дана, 5,45 калибрлі – 4 дана. Оқ-дәрілердің тиесілігі тексеру барысында анықталады», – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.