Алматының тәжірибелі онкологтарының арқасында өлім-жітім саны азайған

Алматының тәжірибелі онкологтарының арқасында өлім-жітім саны азайған zeiss-solutions.ru

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Алматы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізбағамбетов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 


Спикердің айтуынша, өлім-жітім бойынша бірінші кезекте өкпе қатерлі ісігінен болатын өлім-жітім 14,9% (166 жағдай), 2-орында колоректальды қатерлі ісігінен 11,8% (131 жағдай), 3-орында сүт безі қатерлі ісігінен 10,1% (112 жағдай), 4-орында асқазан қатерлі ісігінен 10,0% (111 жағдай) көрсеткен.


Жыл басынан бері Алматыда өлім-жітім азайған. Осы кезеңде онкологиялық аурулардан 1109 науқас қайтыс болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89 адамға аз. Қазақстанның басқа облыстары мен қалаларынан келушілердің есебінен Алматы қаласында жыл сайын қатерлі ісікке шалдыққандар саны артып отырғанына қарамастан, осындай көрсеткіш көрсетіп отырғанын ескеру керек. 



«Бүкіл әлемде онкологиялық аурулар жүрек-қан тамырлары ауруларымен қатар өлім-жітім деңгейі жоғары аурулар тізімінде көш бастап келетінін естеріңізге сала кетейік. Сондықтан скринингтен өтудің маңызы зор. Ерте кезеңде анықталған кез келген аурудан емделу мүмкіндігі жоғары. Қала тұрғындары өздері тіркелген жердегі емханада скринингтен өте алады . Скрининг тегін. Тағы бір айта кететіні, қазан айында сүт безі обырын ерте анықтау айлығы өтетінін естеріңізге салғым келеді. Осы айдың әр сенбісінде біздің орталыққа барлық қыз-келіншектер келіп, консультанттардың тексеруінен өте алады. Сіздің өміріңіз ең алдымен өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз», - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Ізбағамбетов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26