Алматы облыстық ТЖД сақтық шараларын сақтауға шақырады

Алматы облыстық ТЖД сақтық шараларын сақтауға шақырады
Сурет: Almaty.tv

Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с.

8-10 тамыз күндері Алматы облысының Іле Алатауы тауларының кей жерлерінде қатты жаңбыр болып, бұршақ жаууы, күн күркіреуі және найзағай түсуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол себепті Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

«Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз», - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.