Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Сурет:Info.kz.

Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

 Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлия Мүбаракқызы Оңғарбекова Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. Алматы облысы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

                         Әлия Мүбаракқызы Оңғарбекова

1981 жылы туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін халықаралық экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Текелі қаласы әкімінің аппараты ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдарда Текелі қаласы экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті индустриялық және инновациялық саясат бөлімінің бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, бастығы, «Алматы облысының мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту» ЖШС инвестициялық жобалар сараптамасы басқармасының бастығы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы, басшысы болды.

2019 жылдың шілде айынан бастап - Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы.

Айта кетейік,  Алматы облысы әкімінің өкімімен Санжар Әбдікәрімұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.