Алматы облысының 59 тұрғынынан коронавирус анықталды

Алматы облысының 59 тұрғынынан коронавирус анықталды
Сурет: Liter.kz

Бұл - облыс тұрғындарының бір тәулік ішіндегі індет жұқтыру көрсеткіші.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, індет басталғалы облыста 27 448 адамның коронавирусты жұқтырғаны зертханалық түрде расталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматы облысының індет жұқтыру көрсеткіші мынадай:

Балқаш ауданында – 3,

Еңбекшіқазақ ауданында– 5,

Жамбыл ауданында – 7,

Іле ауданында –7,

Қарасай ауданында – 6,

Қаратал ауданында – 3,

Кербұлақ ауданында – 1,

Көксу ауданында – 3,

Талғар ауданында – 10,

Ұйғыр ауданында – 1,

Талдықорған қаласы – 13.

«2 шілдедегі жағдай бойынша, жалпы 26 411 науқас жазылып шықты. Бір тәулік ішінде 19 пациент стационардан, 25 адам үйден оқшаулаудан шығарылды», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.