Алматы облысында 15 бала бір күнде коронавирусқа шалдықты

Алматы облысында 15 бала бір күнде коронавирусқа шалдықты
Сурет: 24.kz

Бұл балалардың жас мөлшері 14 жасқа дейінгі аралықта.


Ал жалпы облыс бойынша соңғы тәулікте 86 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттану көрсеткіші Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-2, Ескелді-1, Жамбыл – 4, Іле–12, Қарасай-10, Қаратал-7, Панфилов – 7, Талғар–14, Ұйғыр аудандарында – 9, Талдықорған – 16, Текелі қаласында 2 жағдайдан тіркелді. 13 шілдедегі жағдай бойынша, 26 918 науқас жазылып шықты. Бір тәулік ішінде 17 пациент стационардан емделіп , 34 адам үйден оқшаулаудан шықты» делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 


Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жалпы облыста індет басталғалы КВИ-дің 28 455 жағдай тіркелген. 


«Оның ішінде симптоммен 18 017 жағдай. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1331,3 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,2%-дан (29.06-05.07) 0,3%-ға (06.07-12.07) дейін өсті. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Талғар аудандарында байқалады. Соңғы тәулікте КВИ 86 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,3%, оның ішінде 70 симптомдық және 16 симптомсыз жағдай»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.