Алматы облысының тұрғыны үйінде граната жасырған

Алматы облысының тұрғыны үйінде граната жасырған
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысы Қарасай ауданында ауыл тұрғынынан екі жарық-шулы граната тәркіленді

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарасай аудандық ПБ криминалдық полиция бөлiмінің қызметкерлері Абай кентінің тұрғындарының бірі гранатаны сақтағаны туралы жедел ақпарат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеру барысында полиция қызметкерлері ақпаратты растады. Күдікті, 26 жастағы жергілікті тұрғын, граната сақтағанын мойындады және көрші аулада екі жарық-шулы гранатаны жасырған жерін көрсетті. Ер адамның айтуынша, Алматы қаласындағы тәртіпсіздік кезінде “полицейлерге лақтыр” деп бейтаныс адам беріп кеткен. Ол гранаталарды үйіне алып келіп, жасырған.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша “Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” СДТБТ-не тіркелді.  Баллистикалық сараптама тағайындалды.