Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді Сурет: Inform.kz

Қар көшкінінің ұзындығы - 40 м.


Бүгін Алматы облысындағы Түрген өзенінің шатқалының бойында қар көшкіні жүрді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қар көшкінінен кейін апатты жерді визуалды зерттеу жұмыстары жүргізілді.



«Зерттеу қорытындысы бойынша, Түрген ауылы – Батан кентінен 16 шақырым жерде өздігінен қар көшкіні түскені анықталды. Қар көшкіні Түрген – Батан жолын жауып тастады. Құрбандар мен қираулар жоқ», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселезащита» мемлекеттік мекемесінен.



Қар көшкінінің ұзындығы - 40 м, ені - 6 м, биіктігі - 1,8 м, көлемі – 432 текше метр.


Жолды тазарту үшін төтенше жағдай орнына екі техника (фронттік жүк тиегіш, «Патриот» УАЗ) және бес адам жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55