Алматы облысында тауда қар көшкіні жүріп, жолды жауып тастады

Алматы облысында тауда қар көшкіні жүріп, жолды жауып тастады
Сурет: Ашық дереккөз

Оқиға орнына "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен Еңбекшіқазақ ауданының құтқарушылары аттанды

Алматы облысында 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 9:33-те Түрген – Батан – Асы обсерваториясы бағытындағы облыстық автожолының 22,3 шақырымында өздігінен қар көшкіні жүріп өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі қар көшкініне тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы себеп болғанын атап өтті.

"Қар көшкінінің жалпы көлемі (көшкін конусы) 99 текше метр, ұзындығы - 22 м, ені - 6 м, биіктігі - 4,5 м. Қар көшкіні облыстық маңызы бар  Түрген – Батан – Асы обсерваториясы жолын жауып қалды " – делінген хабарламада. 

Оқиға орнына "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен Еңбекшіқазақ ауданының құтқарушылары аттанды.
Көшкіннен зардап шеккендер жоқ.