Алматы облысының салық органдары кәсіпкерлерден жарнама үшін заңсыз салықтар өндірген

Алматы облысының салық органдары кәсіпкерлерден жарнама үшін заңсыз салықтар өндірген Сурет: Qazaquni.kz

 Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті.


Қадағалау органының мәліметінше, «Жарнама туралы» заңда жарнаманың түрлері нақты айқындалған және маңдайшалар сыртқы жарнамаға жатпайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінің жарнамасы туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына жолдаған кезде, маңдайшаны да жарнама ретінде көрсеткен. 220 кәсіпкерге қатысты осындай заңбұзушылық орын алып, прокуратураның қадағалау актісі негізінде бүгінгі күні 60 кәсіпкердің дербес шотына заңсыз өндіріп алынған салық артық төлем ретінде есептелді», - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.



Қадағалау органы осындай салықты төлеуге міндеттеген кезде прокуратурадағы кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған мобильді топтарға жүгінуді сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02