Алматы облысының полицейлері тұрғыннан ұрланған қаруды тәркіледі

Алматы облысының полицейлері тұрғыннан ұрланған қаруды тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері тұрғыннан ұрланған қаруды тәркіледі.

5 желтоқсан күні 17:30 шамасында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Іле ауданының КазЦИК ауылында жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталған адамның автокөлігін тінту барысында Манлихер атыс мылтығы табылып, тәркіленді. Айта кетейік, тәркіленген қару Алматы қаласының қару-жарақ дүкенінен ұрланған тізімде көрсетілген.

«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша Іле ауданы полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Күдікті ҰУИ-ға қамауға алынды. Барлық қажетті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады облыстық полиция.