Алматы облысының кей жерлерінде қар жаууы мүмкін

Алматы облысының кей жерлерінде қар жаууы мүмкін
Сурет: Тengrinews.kz

Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 30 м/с.

"Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 29 наурыздағы дауылды ескертуінің негізінде 30 наурыз 2 сәуір күндері Алматы облысының аумағында кей жерлерде жаңбыр мен қар жаууы түріндегі қатты жауын-шашын мөлшерінің түсуі күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 30 м/с. Сонымен қатар, түнгі уақытта топырақ бетінде 1-3 градус аяз болады деп күтілуде. Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз», - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.