Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы

Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

 Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр 

№ 885