Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласына көшірілді

Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласына көшірілді
Сурет: Goodetiket.ru

Ресми құжатқа қол қойылды.

Президент Жарлығымен Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетсек, мамырдың 4 күні Қапшағай қаласына Қонаев аты ресми түрде берілген болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын деген болатын. Кейін Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, қалаға Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды.