Алматы облысындағы қанды оқиға: жездесі балдызын пышақтаған

Алматы облысындағы қанды оқиға: жездесі балдызын пышақтаған
Сурет: Ren.tv

Алматы облысында жездесі өз балдызын аяусыз пышақтап тастаған

Қанды оқиға Алматы облысының Қарасай ауданына қарысты Шамалған ауылында болған. Бірнеше жерінен жарақат алған қызды дәрігерлер дер кезінде аман алып қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қанды оқиға Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында болған, деп жазады Дина Таңсәрі есімді құқыққорғаушы өзінің Instagram парақшасында.

«19 жастағы Ақнұр әпкесін аяусыз сабаған мас жездесіне қарсы тұрады. Ашулы еркек оны бірнеше жерінен пышақтап, ауыр дене жарақатын салған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды», – дейді құқыққорғаушы.

Желі қолданушысы бұзақы жігіттің бостандықта жүргенін айтады. Сол себепті қазір одан зардап шеккен қыздар туыстарының үйінде бой тасалап жүр. Осы оқиғаға қатысты облыстық ПД түсініктеме берді.

«Отбасылық ұрыс кезінде 38 жастағы еркек өз әйелінің сіңлісіне пышақ жарақатын салғаны анықталды. 19 жастағы қыз түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға қатысты ҚК 106-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдейді облыстық ПД баспасөз қызметі.