Алматы облысындағы тас жолда көлік қозғалысы шектелді

Алматы облысындағы тас жолда көлік қозғалысы шектелді
Сурет: Egemen.kz

Алматы облысындағы жарылыс жұмыстарына байланысты Сарыөзек-Көктал автожолында қозғалысқа шектеу енгізілді

«Қазақавтожол» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 наурызда сағат 09:30 да Алматы облысында жарылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сарыөзек-Көктал (Алтын Емел асуы) автожолының 45-68 шақырымында барлық автокөлік түрлеріне шектеу қойылды.