Алматы облысында құрылыс қарқыны қатты

Алматы облысында құрылыс қарқыны қатты
сурет: Jetisu media

Құрылыс саласы - Алматы обысындағы ең дамыған салалардың бірі. Жыл сайын жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, өңірдің келбеті өзгерді. Халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып, жетісулықтар өз үйлерінде қоныс тойын тойлауда.

Соңғы бірнеше жылда облыста қалалар мен аудандар бөлінісінде жаңа шағынаудандар, тұрғын үй алаптары, әлеуметтік маңызы бар және экономикалық нысандар бой көтеруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Jetisy media-ға сілтеме жасап.

Мәселен, тек облыс орталығын алып қарасақ, ауқымды жұмыстар атқарылды. Соңғы бес жылда облыс орталығында бұрын-соңды болмаған құрылыс қарқыны мен ауқымы байқалады. Олардың арасында студенттерге арналған жатақхана, жаңа драма театры, жүзу бассейні, жаңа шағын аудандар, көпсалалы аурухана, Жастарға қызмет көрсету орталығы, музыка мектебі, жалпы орта білім беру мекемелері, жаңа субұрқақтар және тағы басқалар бар.
Әр нысан өзінің ерекше сәулетімен ерекшеленеді. Олардың бірі балық түрінде жасалған олимпиадалық типтегі жабық жүзу бассейні. Әлемдік деңгейдегі олимпиадалық бассейн қаланың оңтүстік-батыс тұрғын алабында орналасқан. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асты. Жабық бассейннің жалпы ауданы 13 мың метр шаршыны құрайды. Әлемдік стандарттарға сай келетін 3 бассейн бар. Ең үлкенінің ұзындығы 52 метр, ені 25 метр. Амфитеатр түріндегі мінбелерден 500-ден астам адам бақылай алады.
Негізгі фронттарды коттедж қалашығы және оңтүстік-батыс тұрғын алабы деп атауға болады. 
2019 жылдан бастап коттедж қалашығында 35 мың шаршы метрден астам тұрғын үй алаңы салынды.  Осы жобаны іске асырудың арқасында 400-ден астам отбасы көптен күткен баспанаға ие болды. Бірінші кезекте тұрғын үй кілттерін халықтың әлеуметтік осал топтары алды.
Сондай-ақ, осы аумақта мектеп, балабақша, аллеялар, сауда орталықтарын салу жоспарлануда. 
Көп қабатты үйлердің құрылысы да тоқтамайды.   Бүгінде оңтүстік-батыс ауданында отыз үй құрылысы салынып жытр. Олардың қатарында көп корпусты әртүрлі биіктікті кешендер мен әкімшілік ғимараттар бар. 

«Мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырудың арқасында біздің өңірде экономика нығайып, инфрақұрылым жақсарып, қалалар мен ауылдардың өмір сүру деңгейі мен келбетін едәуір жақсартатын жаңа әлеуметтік және мәдени нысандар пайда болады», - дейді Талдықорған тұрғыны Бану Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Астана күніне орай Алматы облысында 200 отбасы пәтер кілттерін алды. Қоныс тойын облыс орталығында ғана емес, Қапшағай қаласында, сондай-ақ Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында тойлады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жылы тағы да көптен күткен оқиғалардың қатарында Жамбыл ауданында амбулаторияның пайдалануға берілуі, Іле ауданында мектептің ашылуы және Текелі қаласында қонақ үй кешенінің іске қосылуы болды.

Айта кетейік, Алматы облысы республика бойынша тұрғын үй алаңдарын іске қосу көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр. Тек өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыста 957,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2396 отбасы баспаналы болды. 2025 жылға дейінгі жоспарлар бойынша облыста 5,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Оның ішінде 1,1 млн шаршы метр «Нұрлы жер» аясында бой көтермек. Бұдан басқа, 58 мың пәтерлік бір мыңнан астам коммерциялық көп қабатты үйлер салу жоспарланған, олардың бес мыңы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асатын болады. Төрт жылдан кейін облыс бойынша көптен күткен баспанамен үш мың әлеуметтік осал азаматтар және 5,5 мыңға жуық көп балалы отбасы қамтамасыз етілмек. 
Спорт нысандары да шетте қалмайды. Ірі және шағын ДШСК барлық аудандар мен қалаларда салынып, пайдалануға берілді. Алматы облысында жаңа көшелер мен аулалар салынуда, саябақтар мен скверлер көгалдандырылуда, инфрақұрылым нығайтылуда, ірі әлеуметтік нысандар: балабақшалар, мектептер мен ауруханалар салынуда. Облыс әкімі Амандық Баталов салынып жатқан нысандардың сапасына ерекше назар аударады. Құрылыс саласы мамандықтарының өкілдері аймақтың дамуына үлкен үлес қосатынын атап өткен жөн.