Алматы облысында жол ашыла бастады

Алматы облысында жол ашыла бастады
Сурет: «JETISÝ» gazeti

Дегенмен төтеншеліктер бұл бағыттағы сапарлардан бас тартуға кеңес береді.

2023 жылғы 6 қаңтар күні сағат 08:00-ден бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ АОФ және «Қазақавтожол» ЖШС Алматы ОФ хабарламасы бойынша республикалық маңызы бар «Алматы-Шелек-Қорғас» (136-243 км) автожолында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуға және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

«Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз», - делінген облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.