Алматы облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды Сурет: Polisia.kz

Алдын ала мәлімет бойынша жол-көлік оқиғасынан 4 бала, 2 ересек адам көз жұмған


13 қазан кешкі сағат 17.30 шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жол апатынан 6 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қайғылы жағдай "Алматы - Көкпек - Көктал" тасжолының 69-шақырымында орын алған. 28 жастағы Mercedes жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru көлігімен соқтығысқан.


Оқиға орнында Mercedes көлігінде болған 6 адам қаза тапты, оның 4-еуі – кәмелетке толмаған балалар. 
Зардап шеккен тағы 3 адам әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. 


Айта кету керек, 1992 жылы шыққан Mercedes-те 9 адам болған, оның алтауы – бала. 


Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35