Алматы облысында жол апатынан 17 жастағы жолаушы қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан 17 жастағы жолаушы қаза тапты
Сурет: Kazislam.kz

Жүк көлігіне соғылған жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Алматы облысында жол апаты болып, 17 жастағы жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқиға 20 қазан күні түнгі 9.00 шамасында Бесағаш кентінде болған. Volkswagen автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан бір адам қайтыс болды.

Ал жеңіл темір тұлпардың 21 жастағы тізгіншісі облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Бұл факт сотқа дейінгі бірыңғай тізімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-ші бабы 3-ші бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.