Алматы облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды

Алматы облысында заңсыз аң аулағандар ұсталды
Сурет: 46tv.ru

Мемлекетке келтірілген залал үшін айыппұл салынды.

Алматы облысында заңсыз аң аулағандар анықталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Балқаш ауданының аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары заңсыз ауланған балық, жабайы үйрек, қоян және қасқалдақ тиелген үш автокөлікті ұстады. Күдіктілерді ұстау Бақанас-Қарой автожолын патрульдеу кезінде жүргізілді. Құқық қорғау органдары тоқтатқан Mercedes, Nissan және Mazda көлігінің салонынан бір қап түрлі балық, жабайы үйрек, қоян және қасқалдақ табылды. Оларды аулауға және тасымалдауға ұсталғандар қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады. Сондай-ақ оқ-дәрілері бар 3 аңшы мылтығы тәркіленді. Дерек Балхаш ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, ол бойынша ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлімінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.