Алматы облысында үш демалыс орнын су басты

Алматы облысында үш демалыс орнын су басты
Сурет: Gov.kz

Су автожолға жайылған.

Қытаймен шекаралас Ұйғыр ауданында нөсер жаңбыр салдарынан үш демалыс орнының аумағын су басып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 13 шілдеде Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы «Шонжы-Қалжат» автожолының 55 шақырымында нөсер жауын салдарынан кешкі сағат 18.00 шамасында 5-10 см беткейлік ағын пайда болған. Су автожолға жайылып, үш демалыс орнының аумағын басып қалған. 

«Жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді, су транзиттік режимде өтіп жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жүр»,- делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.