Алматы облысында таныстар арасындағы кикілжің соңы атысқа ұласты

Алматы облысында таныстар арасындағы  кикілжің соңы атысқа ұласты
Сурет: Kazpravda.kz

Алматы облысындағы Талғар ауданында атыс болған.

 Салдарынан бір адам мерт болды. Ол ауруханада жан тапсырған,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«18 шілде күні Талғар ауданында 8 жергілікті тұрғынның арасында кикілжің туындаған. Олар қару қолданған. Салдарынан түрлі дене жарақатымен екі ер адам ауруханаға түсіп, оның біреуі сол жерде көз жұмды. Қазір барлық адамдар анықталып, ұсталды. Аталған факт бойынша ҚК-тің 103, 293-баптарымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиғаға қатысқан адамдар бір-біріне таныс болып келеді.