Алматы облысында тағы да көшкін болды

Алматы облысында тағы да көшкін болды Сурет: интернеттен

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.


Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы Бурабай саяжайында тау бөктерінен екі жеке тұрғын үйдің аумағына өздігінен топырақ опырылып түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Құрғатылған топырақтың шамамен көлемі 500 текше метрді құрайды.



"Осы және жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, Казселезащита және жергілікті атқарушы органдардан 18 адам мен 6 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті.



Құтқарушылар соңғы күндердегі өздігінен жүретін көшкіндерді жауын-шашын мен топырақтың батпақтануынан деп түсіндіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет