Алматы облысында су бөгеті жарылды

Алматы облысында су бөгеті жарылды
Cурет: Ашық дереккөз

Кеше кешке сағат 23.13-те Алматы облысындағы су қоймадан ақау шықты

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің мәлімдеуінше, Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында Книжевского су қоймасында жырық пайда болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Су қоймасының көлемі – 4,47 млн текше метр, қазіргі уақытта 50% толған.

Су Қарғалы өзенінің арнасымен ағып, одан әрі Іле ауданының Күрті су қоймасына құяды.

«Апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыстық маңызы бар «Мыңбаев – Қасымбек» автожолын су басқан. Полиция жол қозғалысын шектеу үшін бекеттер қойды»,-делінген хабарламада.

Аққан судың көлемі азаюда. Қарғалы өзенінің арнасы бақылауда, қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр.