Алматы облысында соңғы тәулікте 31 адам КВИ жұқтырған

Алматы облысында соңғы тәулікте 31 адам КВИ жұқтырған
Сурет:Gov.kz.

Алматы облыснда КОВИД жұқтыру қарқыны бәсеңсіді

 16.06.2021 жылғы дерек бойынша, облыста коронавируспен ауырудың зертханалық расталған 26 852 жағдайы тіркелді.  Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 31, өсім деңгейі – 0,1 %, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарына сілтеме жасап.

Соның ішінде Талғар ауданында, Талдықорған қаласында – 7-ден, Еңбекшіқазақ, Қаратал аудандарында – 4-тен, Қарасай ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 2, Іле, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында – 1-ден ауру фактілері тіркелген.

01.08.2020 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 4785 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 3 жағдай анықталды. Оның 2-еуі – Қапшағай қаласында, 1-еуі – Жамбыл ауданында.

16.06.21 жылғы мәлімет бойынша, ПЦР тәсілімен 706 544 адам зертханалық тексеруден өтті, соның ішінде соңғы үш күнде тексерілгендер саны – 4713.

Қазіргі кезде стационарлық емді 703 адам қабылдауда, соның 30-ының жағдайы ауыр.  Бір тәулікте ауруханаларға 46 адам түскен, 125 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын толымдылығы – 34,6%.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 12 адам жазылды.  

16.06.2021 жылғы дерек бойынша, COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 4907 адам, ІІ компонентін 159 072 адам салдырған. Жалпы І компонент 272 666 адамға, ІІ компонент 168 324 адамға салынды.