Алматы облысында сынап бағанасы 42 градусқа дейін көтеріледі

Алматы облысында сынап бағанасы 42 градусқа дейін көтеріледі Сурет: ашық дереккөз

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері облыс аумағында ауа райы 42 градусқа жететінін ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ведомствоның мәліметінше, Қазгидрометтің 17 шілдедегі дауылды ескертуі негізінде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 18-19 шілде күндері түстен кейін 42 градус қатты ыстық болуы мүмкін.


Сондай-ақ 18-20 шілде арасында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 18-19 шілдеде түстен кейін 40-42 градус қатты ыстық болуы ықтимал.



«Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сіздің аймағыңыздағы дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпарат туралы жедел ақпарат алу үшін «Дармен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз», - деп ескертті ведомстводан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26