Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжолда сел жүрді

Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжолда сел жүрді
сурет: Inform.kz

Зардап шеккендер жоқ

Ұйғыр ауданында толассыз жауған жаңбыр салдарынан республикалық маңызы бар «Ақсай-Шонжы» тасжолының 12-ші шақырымында сел жүрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сел 12 шілде күні кешкі сағат 17:19 шамасында жүрген.

«Жолдың бұл бөлігінде өту бір жолақта жүзеге асырылып жатыр. Лай-тас массасының жалпы көлемі 10 текше метр. Сондай-ақ, тасжолдың 18 -19 шақырымын қатты жауған жауын суы шайып кетті. Бұл аймақтарда жол белгілері орнатылды», - деп хабарлады департаменттен.

Дереу жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 13 шілде күні таңертең барлық көлік түрлерінің қозғалысы қайта жанданды.